kzruen

Ғылыми сапар аясында Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының (АЕТИ) жетекші ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты Ирина Уалиева Италияның Милан қаласында өткен халықаралық конференция – 15th International Symposium on Business Modeling and Software Design (BMSD2025) іс-шарасына қатысты (https://link.springer.com/chapter/10.1007/978-3-031-98033-6_19).

Сондай-ақ ол Францияның Париж қаласында, Лотарингия университетінде өткен International Conference on Electrical, Computer, and Energy Technologies (ICECET 2025) халықаралық конференциясына да қатысты.

Сапар барысында AIVANCITY университетінің (https://www.aivancity.ai/en) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңсесінің директоры Лоран Шебассьемен (Laurent Chebassier) (linkedin/laurentchebassier) ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында кездесу өткізілді. AIVANCITY университеті Деректер ғылымы (Data Science) және Жасанды интеллект (Artificial Intelligence) салалары бойынша жоғары мамандандырылған білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, осы бағыттарда ғылыми зерттеулер жүргізеді. Университет әртүрлі елдердің жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу топтарымен кең көлемде ынтымақтастық орнатқан. Ғылыми жобалары негізінен коммерцияландыруға бағытталған.

Сонымен қатар, сапар барысында израильдік ғалымдармен бірлескен жаңа ғылыми жобаға өтінім дайындалып, халықаралық рецензияланатын журналдарда бірлескен жарияланымдарды жоспарлау мәселелері талқыланды.