Аталған шара ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен зерттеушілер үшін өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға, жаңа идеялармен бөлісуге мүмкіндік берген маңызды алаң болды. Конференция кәсіби байланыстарды нығайтып, жаңа ғылыми ынтымақтастық орнатуға жол ашты.
Бағдарламада заманауи телекоммуникациялық жүйелер мен желілік шешімдерден бастап, ақпараттық қауіпсіздік, криптография және киберқауіпсіздік мәселелеріне дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтыған мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Баяндамаларда теориялық тұстармен қатар қазіргі саланың практикалық міндеттері де талқыланды.
Конференцияға қатысу шетелдік әріптестермен перспективалы зерттеу бағыттарын пікірлесуге, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және болашақ жобаларға жаңа ойлар алуға мүмкіндік берді.