kzru

Құрметті Төреқұл Сәуле Маратқызы, Дәруіш Серік Заңғарұлы, Әлімжан Еркебұлан Жеңісұлы және Хаумен Армиянбек!

Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантурасына (PhD) сәтті түсуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – ғылыми ізденіс жолындағы үлкен белес әрі жоғары академиялық жетістіктің айқын дәлелі.
«D094 – Ақпараттық технологиялар» және «D095 – Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары аясында сіздер отандық және халықаралық деңгейде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізіп, ІТ саласының дамуына елеулі үлес қосасыздар деп сенеміз.

Докторантура – тек білім емес, ғылымға адалдық пен жаңа жаңалықтарға ұмтылудың жолы. Алда күтіп тұрған ғылыми жобалар, мақалалар мен диссертациялық зерттеулер сіздердің кәсіби дамуларыңызға жаңа мүмкіндіктер ашары сөзсіз.

Сіздерге шығармашылық шабыт, ғылыми табыс, сарқылмас күш-жігер және сәттілік тілейміз!
Ұлттық ғылымның дамуына қосар үлестеріңіз мол болсын!