Күні кеше елімізде ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап өткендей, Қазақстан технологиялық дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Басым бағыттардың бірі – цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу арқылы азаматтарымыздың өмір сапасын арттыру. Біздің жобамыз осы стратегиялық міндеттерді тікелей жүзеге асыруға бағытталған.
Жобамыз кешенді цифрлық жүйені құруға бағытталған, ол сөйлеуді ым-ишара мен мәтінге,
ал ым-ишараны – мәтін мен дауысқа айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұл Қазақстандағы миллиондаған есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға айналадағы әлемді жақсырақ түсінуге, білім алуға, жұмыс істеуге және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға көмектеседі.
Жұмыстар 2021 жылдан бастап жас ғалымдар жобасы аясында жүргізіліп келеді және 2024–2026 жылдарға арналған мақсатты ғылыми-техникалық қаржыландыру бағдарламасы аясында жалғасын тапты.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елде 30 мыңнан астам есту қабілеті шектеулі азаматтар бар.
Жобаның негізгі мақсаты – есту және сөйлеу қабілеті шектеулі азаматтарға тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін цифрлық экожүйені құру.
Біз әлемдегі үздік тәжірибелерді зерттеп, Қазақстанға ең озық технологияларды енгізу үшін халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық орнаттылды.
Президент атап өткендей: Жаңа дәуір елдердің технологияларды өз мақсаттарына қалай бейімдейтініне байланысты қалыптасуды анықтайды
Біз технологиялардың тек болашақта ғана емес, жақын арада, бүгінде жұмыс істегенін қалаймыз. Біздің мақсатымыз – цифрлық ортаны барлығына қолжетімді ету