Астанада «Кванттық басымдық: әлемдік трендтер мен жетістіктер. Қазақстан Республикасының өңірлік альянсы» атты Бірінші ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2025 жылғы 27–28 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кванттық басымдық: әлемдік трендтер мен жетістіктер. Қазақстан Республикасының өңірлік альянсы» атты Бірінші ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция кванттық технологиялардың қазіргі даму үрдістерін талқылау, тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық перспективаларын саралау мақсатында ғылыми қауымдастық өкілдерін бір алаңға біріктірді. Кванттық зерттеулер саласындағы Қазақстанның өңірлік альянсын нығайту, инновацияларды ілгерілету және әлемнің жетекші орталықтарымен ғылыми әріптестіктер қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ақпараттық және есептеу технологиялары институты атынан ақпараттық қауіпсіздік зертханасының аға ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Алғазы Күнболат және Алдажар Жалғас қатысты.

Іс-шара барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор Құрманғалиева Жанна Дулатқызы сөз сөйлеп, кванттық технологияларды дамыту мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, конференция қатысушылары алдында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев сөз сөйлеп, кванттық зерттеулердің елдің технологиялық прогрессі үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, ғылыми қауымдастықты бірлескен бастамаларды белсендірек жүзеге асыруға шақырды.

Конференция жұмысына Канада, Үндістан, Пәкістан, Ресей және Өзбекстаннан келген қонақтар қатысты. Шетелдік қатысушылар өз зерттеулерін таныстырып, Қазақстанның кванттық ғылымды дамытуға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын атап өтті.

Leave a Reply