kzruen

Ақпараттық үдерістерді талдау және модельдеу зертханасы

Зертхана меңгерушісі т.ғ.к.

Мусабаев Р.Р.

Зертхананың қызметінің негізгі бағыттары мына төмендегідей міндеттерді шешуге арналған алгоритмдерді, әдістерді және программалық кешендерді әзірлеу:

  1. Ақпараттық үдерістерді анализдеу және модельдеу;
  2. Сигналдарды сандық өңдеу;
  3. Мәтін бойынша сөйлеудің автоматты синтезі;
  4. Сөйлеуді автоматты тану;
  5. Мәтіндік ақпараттарды автомат өңдеу және мәтіндерден білім алу;
  6. Компьютерлік көру жүйелерін іске асыру.

Синтез жүйесі мен сөйлеуді тану, берілген мәліметтердің сөйлеу базасы (МСБ), автоматты өзектілендіру және мәліметтердің сөйлеу базасына арналған құралдар, қазақ тіліндегі мәтіндерді автоматты өңдеу жүйелері.

Мына төмендегідей нәтижелер алынды:

  1. Тілдің құрылымын фонетикалық-акустикалық бірыңғай үйлестіруге мүмкіндік беретін сөйлеу сигналын фонетикалық-акустикалық жіктеу әдісі ұсынылды.
  2. Сөйлеудің фонетикалық және интонациялық формаларын беруге және сипаттауға мүмкіндік беретін фонетикалық үлгідегі (тұрғыдан берілген) мамандырылған тіл жасалды. Оның көмегімен модельдің бастапқы мәліметтері сипатталынады, бұның өзі иілімді жүйеаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды мүмкін етеді.
  3. Қазақ тілінде мәтіндерді фонетикалық транскрипциялау алгоритмі құрылды.
  4. Қазақ тіліне қолдануға бағдарланған фонемалық мәтін бойынша сөйлеу сигналын синтездеуді бірыңғай үйлестіру әдістерін жүзеге асыратын программалар кешені әзірленді.
  5. Тұлғаның сандық дауыстық портретін (ТСДП) автоматты құрылымдауға арналған ақпараттық жүйе түріндегі құралдар әзірленді. Ол тұлғасының сандық портреті құрылымдалатын адамның айтқан табиғи сөйлеу сигналының сандық жазбасына негізделінген. ТСДП стандарты әзірленді, ол пайдаланылатын модельдер мен олардың параметрлерінің құрамын, осы параметрлердің мәндерінің өзгеруінің мүмкіндікті рұқсат етілетін диапазонын анықтайды, сондай-ақ ұсынымның, сақтаудың және мәліметтермен алмасудың форматтарын анықтайды. Бұл берілген стандартта сөйлеу синтезінің, танудың және дауысы бойынша тұлғаны ұқсату жүйелерінде ТСДП-н пайдаланудың типтік рәсімдері анықталған.
  6. ТСДП технологиясының негізінде сөйлеуді компьютерлік синтездеу міндетін шешуге арналған алгоритмдер, сондай-ақ тиісті ақпараттық жүйені программалық жүзеге асыру құрылған.