2025 жылдың шілде айында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Малайзияның Куала-Лумпур қаласына зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Universiti Putra Malaysia (UPM) университетінің ғаылмдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелері талқыланып, Scopus және /немесе Web of Science дерекқорларына енгізу жоспарланған бірлескен ғылыми жарияланымдар бағыттары айқындалды.
Сапардың маңызды сәттерінің бірі – UPM университетінің заманауи зертханалары мен оқу корпустарын таныстыру болды.
Бұл зерттеу сапары ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, жобаны халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.