2025 жылдың 23–25 шілде аралығында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» атты ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Вьетнамның Хошимин қаласына зерттеу сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Ton Duc Thang University университетінде өткен First International Conference on Computational Intelligence in Engineering Science (ICCIES 2025) халықаралық конференциясына қатысып, «Current Trends in Developing Parallel Corpora for Text-to-Sign Language Translation» тақырыбында баяндама жасалды. Жоба аясында дайындалған мақала Springer баспасының Communications in Computer and Information Science (CCIS, volume 2585) сериясында жарық көрді.
Жобаны практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелері талқыланып, Scopus және /немесе Web of Science дерекқорларына енетін бірлескен ғылыми жарияланымдар жазу бағыттары айқындалды.
Әріптестеріміз сапар барысында Ton Duc Thang университетінің заманауи зертханаларында таныстырып шықты.
Бұл зерттеу сапары ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, жобаны халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.