ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының қызметкерлері Инженериядағы жасанды интеллект және қолданбалы математика бойынша 7-ші халықаралық конференцияға қатысты. ICAIAME 2025 конференциясының ұйымдастырушылары — Сүлейман Демирел университеті және Ыспарта қолданбалы ғылымдар университеті (Түркия).
Конференция барысында АЕТИ қызметкерлері бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жобалары бойынша алынған нәтижелер туралы баяндамалар ұсынды.
ICAIAME 2025 конференциясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы түрлі мамандар үшін тәжірибе алмасу, қазіргі ғылыми жетістіктерді талқылау және өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын айқындауға арналған маңызды алаңға айналды.
Іс-шара барысында АКТ, жасанды интеллект, криптография, киберқауіпсіздік және басқа да заманауи зерттеу бағыттарына арналған мазмұнды баяндамалар ұсынылды.
Конференция аясында Түркияның жетекші университеттерінің (Гази университеті, Ыспарта қолданбалы ғылымдар университеті және Сүлейман Демирел университеті), Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістанның ғалымдарымен танысу мүмкіндігі туды.
АЕТИ қызметкерлері ұсынған мақалалар ICAIAME 2025 конференциясының Ғылыми комитеті тарапынан Springer Lecture Notes сериясында жарық көруге ұсынылып, Transformation of Engineering with Advanced and Generative Artificial Intelligence Solutions жинағында жарияланатын болады.