2026 жылғы 1–8 сәуір аралығында BR24992875 «Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған жасанды интеллект негізіндегі сурдо-ресурстар кешенін әзірлеу» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында Вьетнамның Хошимин қаласындағы Van Lang University университетіне зерттеу сапары ұйымдастырылды.
Ton Duc Thang University университетінде ұйымдастырылған The 2nd International Conference on Computational Intelligence in Engineering Science (ICCIES 2026) халықаралық конференциясына шақыру негізінде қатысу жүзеге асырылды. Осы конференция аясында авторлар ұсынған баяндама жариялауға қабылданып, баяндалды.
Конференция аясында Польша, Корея Республикасы және Вьетнам ғалымдарының қатысуымен жоба бойынша негізгі міндеттерге қатысты ғылыми талқылаулар өтті.
Жобаны практикалық тұрғыда іске асыру мәселелері қарастырылып, сондай-ақ Scopus және/немесе Web of Science деректер базаларына енгізу жоспарланған бірлескен ғылыми жарияланымдардың бағыттары айқындалды.
Ғылыми-зерттеу сапарының нәтижелері ғылыми байланыстарды нығайтуға және жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.