Институттың ғылыми қызметкерлері «Қазақстан» ұлттық арнасының таңғы ақпараттық-сазды бағдарламасы «Таңшолпан» эфиріне қатысып, жасанды интеллектке негізделген жаңа жобаны таныстырды.
Бағдарлама барысында адамдардың есту және сөйлеу қабілетінде шектеуі бар азаматтарға қолдау көрсететін интеллектуалды жүйелерді әзірлеу мәселелері талқыланды. Ғалымдар жобаның маңыздылығын, оның білім беру, әлеуметтік интеграция және инклюзия салаларындағы практикалық пайдасын атап өтті.
Бұл сұхбат Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында айтылған цифрлық трансформация мен инновациялық шешімдерді дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыстардың айқын дәлелі болды.
Бұл эфир институттың ғылыми зерттеу нәтижелерін кең аудиторияға жеткізудің және ғалымдардың елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесін көрсетудің маңызды мүмкіндігі болды.
«Таңшолпан» бағдарламасындағы сұхбатты төмендегі бейнематериалдан көруге болады.