АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҒАЛЫМДАРЫ ДУБАЙ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН «ACLING 2025: 7th INTERNATIONAL CONFERENCE ON AI in COMPUTATIONAL LINGUISTICS»  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

2025 жылдың желтоқсан айында BR24992875, AP23484329, AP22787186  ғылыми жобалар аясында БАӘ, Дубай қаласына іс-сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында THE BRITISH UNIVERSITY IN DUBAI -де «ACLing 2025: 7th International Conference on AI in Computational Linguistics»  халықаралық конференциясына қатысып, аталған  ғылыми жобалар  бойынша үш баяндама жасалды.  Конференция барысында Дубай, Канада, Оман және Иран ғалымдарымен жоба тапсырмалары бойынша талқылаулар жүзеге асырылды.

The British University in Dubai ғылыми қызметкерлері жоғары білім беру, компьютерлік ғылым саласындағы бірлескен жобалардың ғылыми ұйымдарының қызметіне қызығушылық танытты.

Бұл сапар ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, жобаны халықаралық деңгейде дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.