kzru

2025 жылдың 6 наурызында көктем мерекесі қарсаңында, Алматыда, Ұлттық ғылым академиясында Қазақстан Республикасының ғалым-әйелдер марапаттау рәсімі алғаш рет өтті

Іс-шараға 400-ге жуық ғалым, оның ішінде ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары және басқалары қатысты. ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының атынан аса көрнекті ғылыми жетістіктерге қол жеткізген ғалымдарға Қазақстандағы және Орталық Азиядағы алғашқы әйел академик, көрнекті ғалым-физиолог, Ғылым академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор және белгілі қоғам қайраткері Наилә Оразғұлқызы Базанова атындағы награда табыс етілді. Ғылым академиясы бекіткен, бұл марапатты, ғалым-әйелдер өздерінің ғылыми саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен жетістіктері үшін алады.
ҚР ҒЖБМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтынан, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессоры, жетекші ғалым, жобалардың жетекшісі, Академик Е. Н. Әмірғалиев атындағы “Жасанды интеллект және робототехника” зертханасының меңгерушісі және керемет ханым – Қалижанова Әлия Уәлиқызы ұсынылды, бұл оның ғылым мен білімнің дамуына қосқан маңызды үлесін растайды. Ол өз өмірін білім беру мен талшықты-оптикалық технологиялар, математикалық модельдеу және сенсорлық сигнал беру жүйелерін дамыту технологиялары бойынша оқыту мен ғылыми зерттеулерге арнады.
АЕТИ ұжымы құрметті ғалымды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды және ғылыми және білім беру қызметінде жаңа шығармашылық табыстар тілейді!