Биылғы мектептің ұйымдастырушысы – біздің институт. Мақсат Нұрәділұлы Қалимолдаев мектеп қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.
Жыл сайын мектеп-семинар өткізу игі дәстүрге айналды. Конференцияларға дәстүрлі түрде Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен ғалымдар мен мамандар қатысады. Олардың қызығушылық танытуы біздің іс-шараға халықаралық мән береді. Іс-шарамыздың мақсаты – ақпараттық және есептеуіш технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер бойынша тәжірибе алмасу. Бұл жұмысқа ғылымның бүгінін ғана емес, болашағын да айқындауға шақырылған дарынды докторанттар, аспиранттар мен жас ғалымдардың қамтылуы ерекше маңызды.
Пленарлық баяндамалар жасады:
Родионов Алексей Сергеевич: «Халықаралық Азия мектебі-семинарының тарихы»;
Қалимолдаев Мақсат Нұрәділұлы: «Қазақстан ғылымы»;
Исмаилов Бақтыбек Ысқақұлы: «Инженерлік білім берудегі даму тенденциялары мен инновациялар»