kzru

ҚР-да АКТ-ны дамыту перспективалары

Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау әдістері мен жүйелері

Деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ақпараттық қауіпсіздікті дамытудың маңызды бағыттарының бірі, осыған байланысты институт алдында мынадай міндеттер тұр:

  • Деректермен электрондық алмасу кезінде ақпаратты қорғаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу және модельдеу
  • Детерминистік және стохастикалық хаос байланыстарының негізінде криптографияның жаңа әдістерін жасау және кванттық компьютерлердің жұмысын зерттеу және қазіргі блоктық шифрлардың сенімділігін зерттеу
  • Заттар интернетінің (IoT) желілік өзара іс-қимыл объектілерінің қауіпсіздігі мен осалдығын бағалау әдістерін әзірлеу және зерттеу

Ғылыми және электрондық білім беру процестеріндегі смарт технологиялар

Формалданған білімге қол жеткізудің білім беру ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, білімді меңгеруді практикалық қолданудың маңызды саласы зерттеулердің мынадай бағыттары болады:

  • ЖОО-ларда оқыту сапасын тәуелсіз бағалау үшін жасанды интеллект жүйесін әзірлеу
  • Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру бағдарламалары мен процестерін іске асыру кезінде онтологиялық және құзыреттілік тәсілдер және smart-технология құралдарын қолдану негізінде рецептілік оқытуды дамытудың медиа білім беру моделін зерттеу және әзірлеу
  • Ашық семантикалық кеңістікке интеграцияланған ғылыми-білім беру қызметін қолдаудың ақпараттық жүйелерін құру модельдері мен әдістерін әзірлеу

Зияткерлік талдау және басқару

Білімді іздеудің маңызды құралы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік және экономикалық жүйелердегі процестер мен құбылыстарды сипаттайтын деректерді терең және жан-жақты талдау болып табылады.

  • Адамның тіршілік әрекетінің барлық аспектілерін терең цифрлау (сандық мінез-құлық портреттерін құру)
  • Адамның сандық мінез-құлық клондарын және машиналық оқыту технологиясы негізінде күрделі техникалық жүйелерді қалыптастыру
  • Білімді ұсыну мен басқарудың инновациялық модельдері
  • Әлеуметтік желілерді талдау негізінде нақты уақыт режимінде әлеуметтік процестерді модельдеу
  • Күрделі физикалық құбылыстарды модельдеу кезіндегі білім беру процесіндегі жасанды нейрондық желілер

Интеллектуалды робототехникалық жүйелер

АЕТС базасында робототехника, роботтандыру және жасанды интеллект бойынша мынадай бағыттар бойынша халықаралық ғылыми-білім беру орталығын құру:

  • Азаматтық және әскери мақсаттағы ұтқыр робототехникалық құралдарды әзірлеу (жер үсті, әуе (ҰҰА), су үсті)
  • ҚР-да бизнес-процестерді роботтандыру және қызмет көрсету саласында (сервис, логистика, ритейл, медицина, ТКШ және т.б.) заманауи зияткерлік робототехникалық жүйелерді енгізу
  • Ультра күлгін сәулеленуді қолдану және санитариялық өңдеу негізінде COVID-19 коронавирусымен күресу үшін мобильді робот-дезинфекторларды әзірлеу

Сөйлеу технологиясы және компьютерлік лингвистика

Қолданбалы лингвистиканың бір бағыты ретінде компьютерлік лингвистика информатиканың лингвистикалық негіздерін және компьютерлік бағдарламалардың көмегімен компьютерлік ортада тіл мен ойлау байланысының, тілді модельдеу мен ойлаудың барлық аспектілерін зерделейді.

  • Неғұрлым дәл семантикалық баламалары, синонимдері, ассоциативтік және иерархиялық қатарлары бар қазақ тілінің салалық терминдерінің электрондық базасын құру.
  • Агглютинативтік тілдерге арналған сөзді автоматты танудың интегралды жүйесін әзірлеу
  • Өздігінен оқытатын сөйлеу сигналдарын робастты автоматты тану
  • Бейнелерді өңдеу және компьютерлік лингвистика міндеттерінде көп өлшемді деректер үшін әдістер мен алгоритмдерді әзірлеу
  • Мәтіндерді тану және латын әліпбиіне түрлендіру жүйесін әзірлеу

Распознавание образов и обработка изображений

Активно развивается теория распознавания образов в связи с созданием систем искусственного интеллекта. В этом направлении планируется выполнение следующих исследований:

  • Разработка оптимальных методов сжатия и восстановления цветных 2D изображений
  • Информационная модель и программный инструментарий системы автоматического поиска и анализа многоязычного противоправного веб-контента на базе онтологического подхода
  • Графовые нейронные сети в задачах молекулярной биологии и анализe медицинских изображений
  • Разработать интеллектуальные информационные технологии на основе современных подходов машинного зрения и распознавания образов с построением мультизадачного мобильного робота по обслуживанию сельхозугодий

Зияткерлік ақпараттық технологиялар (ЗАТ)

ЗАТ ақпараттық технологиялар проблемалық жағдайлардың туындауына байланысты шешімдерді қабылдау тиімділігін арттыру үшін ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды құру кезінде қалыптастырылады

  • Электромагниттік өріс пен температураға сезімтал емес оптикалық талшықты бергіштерді пайдалана отырып, құрылыс конструкцияларының (көпірлер мен бөгеттердің) жай-күйін мониторингтеу және диагностикалау жүйесін әзірлеу
  • Нақты уақыт режимінде эвакуациялау міндеті үшін зияткерлік ақпараттық технологияларды әзірлеу
  • Төтенше жағдайлар кезінде мониторингті, бақылауды, талдауды және жедел хабарлауды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің зияткерлік ұтқыр кешені

Басқару мен шешім қабылдаудың зияткерлік жүйелері

Зияткерлік жүйе – бұл адам – шешім қабылдайтын тұлғаның (ЛПР) қатысуынсыз міндеттерді шешетін, оператор қатысатын зияткерлік қолдауы бар ақпараттық-есептеу жүйесі.

  • Қазіргі заманғы микропроцессорлық техниканы пайдалана отырып, өнеркәсіптік автоматтандыру үшін біріздендірілген жасанды иммундық жүйе негізінде күрделі объектілерді басқарудың зияткерлік технологиясын әзірлеу
  • Пандемия кезеңінде әлеуметтік топтарды басқару стратегиясын таңдау үшін шешім қабылдаудың зияткерлік жүйесін әзірлеу
  • Денсаулық сақтау жүйесінің деректерін көпритериалды талдаудың зияткерлік ГАЖ әдістері мен алгоритмдерін әзірлеу
  • Қазақстанның Ұлттық электр желісінің жүйеаралық электр байланыстарын басқару үшін режимдік сенімділікті бақылау мен болжаудың цифрлық зияткерлік жүйесін әзірлеу

Үлкен деректер технологиясы

Big Data – әртүрлі ақпараттың күрделі және көлемді жиынтығы. Олар «шикі түрде» ұсынылған және олардан кәсіпорындар мен ұйымдарға пайда әкелуі мүмкін құнды мәліметтерді алу үшін алдын ала өңдеуді талап етеді.

  • Өнімділігі жоғары есептеулер негізінде деректердің үлкен көлемін (Big Data) интеллектуалдық талдау әдістерін дамыту
  • Құрылымы нашар ақпараттың үлкен көлемдерін талдау Big Data негізінде басқару шешімдерін қабылдауды қолдау

Машинамен оқыту

Машинамен оқыту – үйренуге қабілетті алгоритмдерді құру әдістерін зерделейтін жасанды интеллекттің ауқымды кіші бөлімі. Осы саладағы перспективалы бағыттар:

  • Интеллектуалды адам-машина интерфейстері
  • Терең адам-машина өзара іс-қимылының технологиялары, оның ішінде нейрокомпьютерлік интерфейстер негізінде
  • Түсінікті машиналық оқыту
  • Адамның сандық мінез-құлық клондарын және машиналық оқыту технологиясы негізінде күрделі техникалық жүйелерді қалыптастыру

Биоинформатика

Биоинформатика пәнаралық сала ретінде молекулалық биологияны, генетиканы, компьютерлік ғылымдарды, математика мен статистиканы біріктіреді. Биоинформатика деректермен неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеуді, ақпаратты сақтауды және беруді қамтиды. Бұдан әрі мынадай зерттеулерді орындау жоспарлануда:

  • Жасанды интеллект базасында Қазақстанда COVID-19 коронавирус инфекциясымен күресті ақпараттық қолдау үшін жіті респираторлық аурулар бойынша қоғамдық денсаулық мониторингі жүйесін әзірлеу
  • Денсаулықтың маңызды параметрлеріне мониторинг жүргізуге арналған құрылғылар
  • Медициналық қызметтерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ететін медициналық ақпарат алмасу стандарттарын әзірлеу
  • Жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратын науқастарды мониторингтеу, диагностикалау және оңалту бағдарламалық-аппараттық кешендері мен әдістемелерін әзірлеу

Ғарыштық және геодинамикалық процестердің, табиғи ресурстардың және Жерді қашықтықтан зондтаудың мониторингі және болжамы

Жерді мониторингілеу құралдарын (түсірілім аппаратурасының әртүрлі түрлерімен жабдықталған жердегі, авиациялық және ғарыштық) дамыту табиғи құбылыстарды, техногендік апаттарды болжау мен олардың алдын алудың аса күрделі проблемаларын шешуге және табиғи ресурстарды зерделеуге түбегейлі жаңа мүмкіндік береді.

  • Аса қауіпті климаттық құбылыстар мен геологиялық табиғи апаттардың компьютерлік мониторингі және болжау
  • Қазақстанда астық өндірісі мониторингінің спутниктік технологияларын дамыту
  • Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының даму жағдайларына әсер ететін қоршаған орта параметрлерін қашықтықтан бағалау әдістерін дамыту

Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК)

Жаңартылатын энергияны пайдаланудың негізгі қағидаты оны қоршаған ортада үнемі болып тұратын процестерден алу және техникалық қолдану үшін ұсыну болып табылады. Осы бағытта АИТВ-да мынадай әзірлемелер жоспарланады:

  • ЖЭК-ті цифрландыру – бұл жаңа датчиктерді, жаңа сенсорларды, микроконтроллерлерді және бүкіл жүйені басқару контроллерлерін, электр энергиясын оңтайландыру және азайту үшін энергияны маршруттау және метаэвристикалық талдау арқылы маршруттаудың жаңа алгоритмдерін әзірлеу: Геотермальдық станция, Сутегі станциясы, Перовскитті панельдер, Жаңа батареялар мен электр энергиясын жинақтаушылар, Жаңа инверторлар отандық материалды пайдалана отырып спутниктерді электрмен жабдықтау үшін
  • Жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, дербес биоэнергетикалық қондырғыларды математикалық және компьютерлік модельдеуді, сондай-ақ басқарудың зияткерлік технологияларын әзірлеу және зерттеу және олардың жұмыс істеуін мониторингілеу