enrukz
enrukz
Email : amandyk.kartbayev@yu.edu.kz
Phone :

Қартбаев Амандық Жанқожаұлы

ҚР БҒМ ҒК «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» РМК аға ғылыми қызметкері, PhD, «Компьютерлік инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы.

Өмірбаяны

Картбаев Амандық Жанқожаұлы, 2008 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің техникалық кибернетика кафедрасының бакалавриатын «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2011-2014 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы дәрежесін қорғады. Барлық оқу мерзімі бойынша GPA орташа балы 3,85-тен жоғары.

Ресми еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы «БОЛЗ» ЖШС жүйелік әкімшісі болып бастады. Содан кейін 2010 жылдан 2018 жылға дейін Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де механика-математика факультетінде оқытушы және ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары Италияның Тренто қаласында FBK-IRST ғылыми тағылымдамадан өтті. 2014-2015 жылдары Ақтау қаласындағы ҚазмұнайгазҒЗЖИ АҚ-да аға маман болды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы КМТИУ-де доцент. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласындағы Қазақ-Британ техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры болып табылады. Скопус базасымен индекстелген 30-дан астам ғылыми жұмыстар жариялады. Қазақ тілін жетік меңгерген, IELTS ағылшын тілі бойынша орташа балы 7.0 (C1 деңгей), Microsoft сертификатталған әзірлеушісі, Cisco сертификатталған маманы және Oracle бұлтты шешімдері бойынша сертификатталған маманы бар сертификаттарға ие.

Ғылыми еңбектер

Монографиялар

Оқу құралы