Ақпараттық қауіпсіздікке ұйымдасқан кибершабуыл мен қатерді зерттеу, анализдеу және оларға қарсы тұру. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу мен жауап қату бойынша біртұтас және кешендік тәсілді қамтамасыз ету.
Зертхананың қызметінің негізгі бағыттары:
- Ақпараттық қауіпсіздікке кибершабуылды және қатерлерді зерттеу, анализдеу және оларға қарсы тұру;
- Ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингілеу мен жауап қату бойынша кешендік тәсілдерді қамтамасыз ету;
Зертхана жұмысының негізгі бағыты – ғылыми, техника салаларында және ақпараттық салаға қатерлер бар жағдайларында ақпараттық нысандардың киберқауіпсіздігін, қорғанылуын қамтамасыз етумен байланысты проблемалар жиынын қамтитын технологияларда ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Зертхананың басымдыққа ие міндеттері:
- Ғылыми және ғылыми-техникалық программалар мен жобалар орындау;
- Жаңа білімдер мен технологияларды тарату;
- Отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу;
- Ғылыми және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін коммерциялау үшін жағдайлар жасау;
- Ақпараттық жүйелердің желілік ресурстарына кибершабуылдарды танудың тиімді жүйелерін арттыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Ақпараттық қауіпсіздікке қатерді тануды әзірлеу, зерттеу және құралдарды пайдалану;
- Ғылыми және қолданбалы зерттеулердің тиісті салаларында магистрлер мен PhD докторанттарын даярлау.
Зертхана мынадай функцияларды жүзеге асырады:
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатысады;
- Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- Киберқауіпсіздік саласын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлердің біліктігін арттыру курстарын жүргізеді.