АР051335462019-09-11T12:17:39+06:00

Жоба туралы ақпарат

Жобаның түрі: Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру

Жобаның шифры: №АР 05133546  (01.01.2018 – 31.12.2020)

Атауы: «Ғылыми-білім беру қызметін қолдайтын, таратылған ақпараттық жүйелерді құруға арналған бағдарламалық қамтама мен модельдерін құру технологиясының негіздерін жасау (қазақ тілі морфологиясын ескере отырып)».

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі: ғылыми-білім беру қызметін қолдауға арналған электронды кітапханаларды басқару жүйесі болып табылады.

Жұмыс мақсаты: электрондық кітапханаларды басқару жүйесін құру кезінде ақпараттық ресурстарға қол жеткізу және сақтаудың типтік жүйесі ретінде пайдалану технологиясын дамыту. Пәндік бағыттарды тұжырымдамалау процесі, ең алдымен, ғылыми зерттеу қоғамдастықтарында осы салаларға тән заттар мен құбылыстар туралы білімді қалыптастыру және жүйелеу үшін онтологияны дамытуды көздейді.

Зерттеу әдістері: Түрлі құрылымданбаған объектілерден классификациялау құрылымын құру әдістемесін мәліметтер мен білімді талдаудың қолданбалы формализациялау, кластерлік талдау, таксономия, автоматты жіктеу, тақырыптық сүзу және т.б. әдістерінің аясында жүзеге асырылады.

Қолдану облысы: Барлық білім беру қызметтерімен, ғылыми зерттеулермен айналысатын объектілер мен субъектілер, сонымен қатар құжаттардың үлкен коллекцияларымен жұмыс жасайтын кітапханалар және  сандық контентттердің үлкен  массивын  қолданушы болып табылатын басқа  да ұйымдар.

Ғылыми жетекші: Самбетбаева М.А. (ҚР БҒМ ҒК АЕТИ)

Ұйымдастырушы – орындаушы: ҚР БҒМ ҒК АЕТИ, Бірлесіп орындаушы: АҚ «АТО» ҚР БҒМ