Мұнай өнімін жоғарылатудың химиялық әдістерін зерттеуге арналған жетілдірілген модель мен бағдарламалық жабдық құру2019-05-03T16:21:25+06:00

Project Description

Мұнай өнімін жоғарылатудың химиялық әдістерін зерттеуге арналған

жетілдірілген модель мен бағдарламалық жабдық құру

Описание

Жоба барысында теңдеулер жүйесін шешудің тізбектік әдісі пайдаланылатын математикалық нобай негізінде құрылған химиялық композитті нобайдың негізгі теңдеулері мен бағдарламалық құралдардың жаңа математикалық қойылуы жасалады. Мұнай өндірісінде химиялық әсер ету тиімділігі басқа дәстүрлі әсер етуге қарғанда жоғары болғанымен техникалық тұрғыда күрделі әрі қатерлі және қымбат болып табылады. Нобайлау көмегімен жасалған зерттеулер бұл үрдісті бағалауға көмегін тигізеді.Мұнай қабатын композитті нобайлауыинвестициялық шешім қабылдау үшін, мұнай өнімділігін жоғарылату және химиялық әсер ету әдістерін қолдану үшін мұнай өңдеу болжамын есептеуге қажет ертеректе өңдеу үрдістері орындалған пластта кеңінен қолданылады.Бұл әсер ету типінде ығыстыру механизмі беттік керілу және қозғалуды бақылауды кірістіреді, ал оның ағым мен тасмалдау нобайы дисперсия, диффузия, адсорбция сияқты физикалық- химиялық құбылыстарды, химиялық реакцияларды және жерасты қышқыл шикі мұнайдан тұратын беттік- белсенді заттардың құрылымдарды сипаттайды.Ұсынылып отырған жобада жасалатын бағдарламалық қамтаманың өзіндік ерекшеліктері осы үрдістерді қарастыруға қажетті. Пластың имитациялық үлгісі жаңа кен орындарын ашуда ғылыми- зерттеу институтары мен мұнай компанияларымен қолданылады. Сонымен қатар біз жасаған үлгі анықталмаған кен орындарында өндірістік болжауды қажет ететін инвестициялық шешім қабылдауда қолданылуы мүмкін. Ұсынылып отырған зерттеу нәтижесі Қашаған кен орны және/немесе Солтүстік Каспийдің басқа да кен орындарын эксплуатациялаудаинженерлік есептеулер жүргізуге қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар химиялық әсер етуді нобайлау аспабы ластайтын заттар мен беттік- белсенді заттармен ластанған су қабатының ремедиациясын зерттеуге қолданылуы мүмкін.

Жоба мақсаты мен міндеттері

Жобаның мақсаты композитті химиялық нобайлау үшін негізгі теңдеулерді жаңа математикалық қойылымын құру және теңдеулер жүйесін шешудің тізбектелген әдісін пайдаланатын композитті химиялық жақсартылған бағдарламалық құралдардың жасау болып табылады.

Жобаның негізгі міндеттері: тізбектелген композитті химиялық нобайлау үшін массаның сақталу теңдеулерінің және қысым теңдеуінің жаңа математикалық қойылымын құру; кеңістікті шектік көлемді дискретизация негізінде математикалық қойылымның сандық дискретизациясы; тізбектелген композитті химиялық нобайлау үшін құрылған математикалық қойылымның сандық есептеуін жүзеге асыру; химиялық әсер етуді нобайлаудың тізбектелген, көпфазалы, копкомпонентті, композитті бағдарламалық құралын құру; жаңа құрылған жетілдірілген химиялық әсер ету симулятор өндірімділігін әртүлі физикалық есептер мен нақты жағдайларды есептеуге арналған UTCHEM симуляторымен салыстыру.

Кілттік сөздер: Композитті химиялық нобай, мұнай өнімділігін жақсарту, беттік- белсенді заттар, полимер.

Project Details

Категории: