Институт туралы2019-09-25T08:45:30+06:00

Біздер туралы

ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН
«АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ»

АЕТИ- Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты (бұрынғы АБПИ) Қазақстанда ақпараттандыру, басқару саласында іргелі және қолданбалы зерттеулерді қарқынды және мақсатты түрде дамыту үшін 1991 жылы қыркүйекте республиканың ақпараттандыру бағдарламасын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Институт штатында 217-ден жоғары қызметкерлер жұмыс істейді: 4 академик, ҚР ҰҒА-ң 1 мүше-корреспонденті, 42 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты. Институтта 39 жасқа дейінгі 90 жас ғалымдар еңбек етеді.

Институт қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары

Институттың мақсаты: қоғамда ақпараттандыру және ақпарат, басқару және модельдеу саласында іргелі зерттеулер мен қолданбалы әзірлемеліктер орындау.

Институттың ғылыми жұмысының негізгі бағыттары:

  • Ақпараттық және есептеуіш технологиялар;
  • Ақпараттық қауіпсіздік;
  • Жасанды интеллект;
  • Нарықтық экономика үлгісінде желілік емес динамикалық жүйелерді реттеудің параметриялық теориясы;
  • Бейнелерді тану, жіктеу және шешімдер қабылдау теориялары;
  • Динамикалық жүйелерді оңтайландыру және оңтайлы басқару;
  • Күрделі нысандарды болжамдау мен басқарудың интеллектуалдық эксперттік жүйелерін құрудың модельдерін, әдістерін және ақпараттық технологияларын әзірлеу;
  • Динамикалық, техникалық, экономикалық жүйелерді және олардың қосымшаларын математикалық модельдеу мен басқару;
  • Қазақ сөйлеуін синтездеу мен тану проблемалары;
  • Ақпараттық жүйелердің модельдері мен мамандандыруларының тоериясы;
  • Робототехникалық жүйелер және 3D-принтинг;
  • Data mining және Big Data;
  • Сандық технологиялар;

Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ұйымдастыру құрылымы