Skip to main content
x
Описание

Жобаның қысқаша мазмұны

Ақ шу түріндегі кездейсок түрткілері бар ғарыштық аппараттың (ҒА) динамикасының кері есептерін шешудің әдістерін жасалынуда және Ляпунов функциялары әдісі бойынша ҒА қозғалысының, интегралдық көпбейне түрінде берілген, қасиеттерінің орнықтылығы зерттелінуде.

Зерттеудің көкейкестілігі: ҒА динамикасының кері есептерін шешудің әдістері стохастикалық дифференциалдық теңдеулер класына жалпыланады. ҒА аналитикалық түрде берілген бағдарламалық қозғалысының орнықтылық есебі зерттеледі.

Пайдаланылған әдістеме: Дифференциалдық теңдеулердің сапалық теория әдістерін, стохастикалық интегралдық және дифференциалдық есептеулер әдістерін,  Ляпунов функциялары әдісін пайдалану борлжанылады.

Күтілімді нәтижелер және олардың қолданылуы: Аэродинамикалық күштер болғанда берілген интегралдық көпбейне бойынша бағдарламалық бағыттың векторы тұрғызылады, ҒА (үш белсенді гироскопы бар) айналмалы қозғалысының теңдеулері тұрғызылады және белсенді гироскоптар арқылы құрылатын және массалар центріне қарағанда ҒА  берілген айналмалы қозғалысын қамтамасыз ететін басқарушы моменттер  анықталады. Ляпунов функциялары әдісі бойынша ҒА берілген бағдарламалық (айналмалы) қозғалысының стохастикалық орнықтылығының жеткілікті шарттары анықталады. Бағдаламалық көпбейненің аймағында ҒА тура және тура емес басқару жүйелерінің өздік тербеліснің жеткілікті шарттары алынады.

Ғылыми зерттеудің нәтижелерінің қолданбалылығы кездейсоқ түрткілеуші кұштердің әсерін ескере отырып ғарыштық аппараттың қозғалысының динамикасының математикалық моделін құру мүмкіндігі болуында. 

Жобаның нәтижелері керегіне бағытталған, нысаналы тұтынушылар

Күтілімді ғылыми нәтижелер кездейсоқ түрткілеуші күштердің әсерін ескере отырып ҒА динамикасының математикалық моделін құрудақолданыла алады.

Жобаның мақсаты мен міндеттері

Жобаның мақсаты  ақ шу түріндегі кездейсок түрткілері бар ғарыштық аппараттың динамикасының кері есептерін шешудің әдістерін жасаудан, осындай есептерді зерттеудің математикалық амалдарын жасаудан тұрады.

Жобаның міндеттері: - берілген қасиеттері бойынша ғарыштық аппараттың (ҒА) стохастикалық теңдеулерін қалпына келтіру кері есебін шешу әдісін жасау; ҒА кері есептерінің шешілімділігіне кездейсок түрткілеуші күштердің әсерін зерттеу.

-  Ляпунов функциялары әдісі бойынша ҒА қозғалысының берілген қасиеттерінің орнықтылығын және ҒА бағдарламалық қозғалысының тиімді орнықтандыруын зерттеу.

Кілттік сөздер:      Кері есептер, орнықтылық, интегралдық көпбейне, ғарыштық аппараттың динамикасы, стохастикалық теңдеу.