Skip to main content
x
Сроки выполнения
2014-2017
Описание

Тақырыптың өзектілігі. Комбинаторлық оңтайландыру қолданбалығы жағынан математикалық бағдарламалаудың аса маңызды бөлімі болып табылады. Комбинаторлық оңтайландырудың пайда болуынан бастап, дискретті моделдердің оңтайландыру әдістерінің қолдану аясын кеңейтуі анық болды. Комбинаторлық оңтайландыру есептерінің есептеулі қиындылығы зерттеушілерді жуықтаған алгоритмдерді, сонымен қатар тиімді полиномиалды алгоритмдерді құруға мүмкін дербес модердерді жинау жолын іздеуге мәжбүрлейді.

Тікбұрышты пішу комбинаторлық оңтайландырудың маңызды қолданбалы бөлімі болғандықтан аталған бағыттар осыған да сипатты болып келеді. Жобаның ғылыми жетекшісінің жұмыстарында ғылыми бағыт пайда болды, шамамен «тікбұрышты пішудің полиномиалды алгоритмдері» деп атауға болатын, сонымен қатар бағыттың бірегейлігі импакт-факторы жоғары журналдарда жариялануымын расталады.

Келесі жоба бойынша бағдарламаланған жұмыстар Президенттің «Республиканың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму» Халыққа арналған жолдауындағы ұзақ мерзімді басым бағыттарға сәйкес.

Ғылыми зерттеудің әдістемесі. Келесідей шешу әдістері ұсынылады: сәйкес сандар теориясы (үздіксіз бөлшек әдісі), алгоритмдер теориясы және сызықты бүтін санды бағдарламалаудың аппаратын таңдау. Болжамды шешімдер бағыттары күтімді  нәтижелерге әкеледі және зерттеу есептеріне толығымен сәйкес.

Күтлетін  нәтижелер. Жобаның орындалу нәтижесі ретінде тікбұрышты пішудің әртүрлі есептерінің математикалық модердері зерттеледі және құрылады; кең ауқымды қолданбалы проблемалар үшін тікбұрышты пішудің тиімді полиномиалды алгоритмдері құрылды, сонымен қатар кең ауқымды қолданбалы проблемалар үшін тікбұрышты пішудің есебінің бағдарламасы құрылған және апробацияланған. 

Потенциалды тұтынушылар. Қазақстанның, Россияның және басқа елдердің машинажасау кешенінің кәсіпорындары, металлургиялық кәсіпорындар, ағаш өңдеуші және шыныдан үрлеп бұйымдар жасайтын кәсіпорындар.

Қолдану аймақтары. Комбинаторлық оңтайландыру, дискретті талдау, өнеркәсіптік материалдарды пішу.

Жоба мақсаты мен міндеттері

Жобаның мақсаты –  кең ауқымды қолданбалы проблемалар үшін тікбұрышты пішу есебін шешуге арналған тиімді сандық әдістер, алгоритмдер және бағдарламаларды құру.

Кілттік сөздер: Тікбұрышты пішу, полиномиалды алгоритмдер, арқа қоржын туралы есеп, есептердің декомпозициясы.