Skip to main content
x

Институт туралы

   «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ) республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) (2014 жылға дейін Ақпараттық және басқару проблемалары институты болып аталып келді) 1991 жылдың қыркүй­е­гін­де информатика және басқару сала­сында Қазақстанда іргелі және қол­данбалы зерттеулерді мақсатты түрде жүргізіп дамыту және республиканы ақпараттандыру бағдарламасын ғылыми қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Институт іргелі зерттеулердің республикалық бағдарламалары бой­ын­ша бас ұйым болып табылады.

   Институт құрамын 217 қызметкер, оның ішінде 4 ҰҒА академигі, 1 ҰҒА корр.мүшесі, 42 ғылым докторы, 42 ғылым кандидаты еңбек етеді. Институтта 90 жас мамандар (жасы 39-ға дейінгі) жемісті жұмыс істейді.

Институттың мақсаты мен ғылыми қызметінің негізгі бағыттары

   Институттың мақсаты информатика, басқару және пішіндеу саласында қоғамды ақпараттандыру және іргелі зерттеулер мен қолданбалы өнімдерді дайындау.

   Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары болып табылады:

  • Ақпараттық және есептеуіш технолгоиялар;
  • Ақпараттық қауіпсіздік;
  • Сызықты емес динамикалық жүйелер дамуының нарықтық экономика мысалында параметрлік реттеу теориясы;
  • Бейнелерді тану, сұрыптау мен шешім қабылдау теориясы мәселелері;
  • Динамикалық жүйелерді жүзеге асыру мен тиімді басқару;
  • Модельдер, әдістер мен ақпараттық технологияларды және болжау мен күрделі нысандарды басқару интеллектілі экспертті жүйелерді құру;
  • Динамикалық, техникалық, экономикалық жүйелер мен олардың қосымшаларын математикалық модельдеу және басқару;
  • Қазақ тілінде сөйлеу синтезі мен тану мәселелері;
  • Ақпараттық жүйелердің модельдер мен ерекшеліктері теориясы;
  • Робототехникалық жүйелер мен 3D-принтинг;
  • Data mining және Big Data
ИИВТ құрылымы