Венгрияның Бас консулдығының сыртқы экономика жөніндегі атташесі, әрі консулы Дёрдь Тар мырзаның ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтына іссапары.

2019 жылы 1 сәуірде Венгрияның Бас консулдығының сыртқы экономика жөніндегі атташесі, әрі консулы Дёрдь Тар мырзаның ҚР БҒМ ҒК АЕТИ-дің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында институттың бас директоры М.Н.Калимолдаев консулды институт қызметімен және жетістіктерімен таныстырды. Консул институт қызметкерлеріне Венгрия туралы, ол елдегі білім беру мен ғылымның дамуы жайында және Венгрия университеттеріндегі IT бағытының дамуы жөнінде әңгімеледі.

Қазақстан мен Венгрия арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту, сондай-ақ білім беру мен ғылым саласындағы іскерлік ынтымақтастықты орнату жолдарының мүмкіндіктерін талқылау мақсаттарындағы кездесу достық-ықыластық ахуалда өтті.

2019-09-13T12:04:19+06:00